Wikipedia ашық энциклопедиясының қазақ тілді бөлігін толтыру жөніндегі жоба104 мың мақала деңгейіне жетті, сөйтіп ол, мақалалар саны 100 мыңнан асатын Уикипедиялар қатарын толықтырды.
«Жоба іске қосылған сәтте Wikipedia-Қазақстанда орналстырылған мақалалар саны бары-жоғы 6 000 әзер жететін. 8 ай ішінде біздер, ХАТУ және Wikipedia қорымен бірлесе отырып бұл санды 104 000 жеткіздік», - дейді «Қазконтент» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Владимир Тутыкин.
Wikipedia- ның қазақ тілді бөлігін толтыру бойынша жобаға университеттердің студентері қатысты. Мысалы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқушылары тек жазғы тәжірибе кезінде ғана қазақ тілінде 50 000 –нан аса мақала орналастырды.
Қор құрылтайшыларының болжауынша, мемлекеттік тілдегі энциклопедиялық ақпараттық базаның молаюы, тілдің күнделікті қолдану үшін жағымды жағдайлар туғызады.