Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап республиканың 32 университетінде жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мамандарды дайындау басталған. Қазақ мектептерінің үштілділікке толық көшуі келесі, 2013 жылы жоспарланған. Жалпы білім беру бағдарламасының жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
Бұл туралы республиканың Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағдарламасы бойынша негізгі сұрақтарды түсіндіру жөніндегі республикалық кеңес кезінде мәлімдеді. Кездесу Ақордада өтіп, кеңеске Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед төрағалық етті.
Мұндай ауқымды міндеттерді алға қою бүкіл оқыту мен білім беру деңгейлерінің мазмұнын, әдістемелік материалдарын және технологияларын түбегейлі өзгертуді талап етеді. Білім министрі қазіргі таңда билік алдында дамыған онлайн-оқыту жүйелерін өрістету, мемлекеттік тіл мен үштілділікті қарқынды дамыту мақсаты тұр екендігін айта кетті.
Бүгінгі күні Қазақстанның жоғары оқу орындарында жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытатын 5,5 мың мұғалім даярлықтан өтуде.